Өскеменде отандық ғалымдар табиғи гидрогель жасады

Шығыс Қазақстандық ғалымдар топырақтың ылғалын көбейтіп, құнарын арттыратын табиғи гидрогель ойлап тапты. «Құрамы мен сапасы жағынан импорттық препараттардан кем емес», - дейді жоба авторлары.

Әрі шетелден келетін материалдың көбі ылғалдылықты арттырғанмен, топырақта ыдырамай, жерді бүлдіруі мүмкін. Ал өзіміздің өнім екі жарым айда толық ыдырап, қоршаған ортаға залалын тигізбестен,  жойылып кетеді.  Енді ғалымдардың еңбегі отандық өнім диқандардың қолына қашан тиеді?

Қамбаның астыққа толуы топырақтың құнары мен ылғалына байланысты. Сондықтан шаруалар тұқым сепкенде гидрогель қосады. Ылғалды жақсы ұстайтын бұл материал жауын-шашын аз кезде егісті қуаңшылықтан сақтап, өнімділікті арттырады. Қазір жергілікті диқандар шетелдік гидрогельді қолданып жүр. Сарапшылардың айтуынша, ол ыдырауға ұшырамайды. Салдарынан құрамындағы синтетикалық зиянды заттар  жерге сіңіп қоршаған ортаға залалын тигізеді. Шығысқазақстандық ғалымдар осы гидрогельдің табиғи түрін әзірледі.

Қыдырмолла  Ақатан, С.Аманжолов атындағы ШҚУ Ұлттық ғылыми зертхананың жетекшісі:

- Біздікінің олардан айырмашылығы біз бұл компонентті материалды яғни бұны кәдімгі табиғи полимерден табиғи қосылыстардан яғни кез келген өсімдіктің биомассасынан табиғи водомерлер, табиғи реагенттерді бөліп аламыз. Өзіміз әзірлеген технология негізінде сосын соны қолдана отырып гидрогель әзірлейміз.

Отандық өнім  құрамында химиялық зиынды зат жоқ. Толықтай экологиялық таза қосындыдан жасалған.

Пулот Гулмурод , зерттеуші:

- Оны алу үшін біз қарапайым шемішкенің қауызын қолданамыз. Сояның күріштің де қалдығын пайдаландық. Яғни біз бір жағынан қалдықты іске жаратып жатсақ, екіншіден, аграрлық саланың дамуына үлес қосып жатырмыз.

Бұл кішкене шар тәрізді заттың бойында өз көлемінен 500 есе артық су бар. Яғни өсімдік тамырына ылғал жеткізіп, нәр береді. Ал 70-80 күнен соң өздігінен ыдырап топыраққа сіңіп кетеді. Сала басшылары бұл жобаның әлеуеті бар екенін айтып, қолдауға ниет білдіріп отыр.

Арман Есентаев, облыстық Кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары:

- Ғылыми советке осы ғылыми жобаны қолдап енгіземіз, қолдау рәтпітерін қарастырамыз да осы жобаны қолдаймыз,+қаражат жағын да қарстырамыз.

Әзірге өнімге патент алу үшін құжат рәсімделуде. «Оның қанша уақытқа созылары белгісіз», - дейді мамандар. Тек содан кейін  қолданысқа енгізіле бастайды. Демек диқандар  «табиғи гидрогельді» әлі бірнеше жыл күтетін сияқты.

Эльмира Ахметова. Жігер Бабаханов