Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес күшейтілді

Түркістан облысында үйірлі шегірткеге қарсы күрес ерте басталды. Жедел штаб құрылып, жан-жақты жұмыс жүріп жатыр. 

Күн ысығалы зиянкестер көбейіп барады. Химиялық өңдеу шараларына 400-ден астам арнайы техника, дрондар мен авиация тартылды. Мамандардың айтуынша, 11 ауданында 421 мың гектар аумақ өңдеуден өтеді. Зиянкестердің ошағын жоюға 2 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Шегіртке таралған аумақтар 65 аймаққа бөлініп, 65 жұмыс тобы құрылды. Жалпы облыс бойынша 1 млн гектардан астам аумақ бақылауға алынып, мониторинг жүргізіліп жатыр. 

Мейіржан Жанәділ, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Жыл басынан бері 2,2 мың гектар аумақта жер жырту жұмыстары жоспарланып, оның бір бөлігі орындалды. Бұл тәсіл зиянкестердің көбеюін 50 пайызға дейін төмендетті. Ағымдағы жылы 400 жер үсті техникалары, дрондар және АН-2 ұшақтары жұмылдырылып отыр. 72 бірлік су тасушы автокөлдік жатын орындарымен қамтамасыз ету үшін 48 палатка және 1 мыңнан астам аспалы бүріккіш қатыстырылып отыр. Қазіргі уақытта шегірткеге қарсы күрес жұмыстары жүйелі түрде кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.