Әскерилер жауынгерлік сынақтан өтіп жатыр
Елдегі Қарулы күштерде қысқы оқу кезеңінің қорытындысы шығарылып, сарбаздар жауынгерлік әзірлік бойынша емтихан тапсырып жатыр.
Жаттығу барысында бөлімшелердің үйлесімді іс-қимылы мен тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындау қабілеті бағаланады. Сондай-ақ командирлердің бөлімшелерді басқару қабілеті тексеріледі.
Бұдан бөлек, әскери бөлімдердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, қару-жарақ пен техника дайындығы, тылдық қамтамасыз ету деңгейі және әскери тәртіптің жай-күйі жан-жақты тексеріледі.
Бекжігіт Омарбеков, 32363 әскери бөлімі жауынгерлік дайындық бөлімінің аға офицері, гвардия капитаны:
- Әскери қызметшілермен тактикалық дайындық, атыс дайындығы, дене шынықтыру дайындығы, әскери топография, әскери медициналық дайындық пәндерінен қорытынды тексеріс өткізілуде. Оның мақсаты - әскери қызметшілердің қысқы оқу жылында жинаған тәжірибелерін шыңдау болып табылады. Десанттық шабуылдау әскерлері қойылған тапсырманы орындауға әрдайым дайын.