Аружан Саин: Баланы ит таласа, ата-анасы жауапты

Белсенді Аружан Саин қаңғыбас ит талаған балалардың өзін кіналады. Оның айтуынша, ондай жағдайда балалар мен ата-аналардың өзі жауапты болуы тиіс.

Себебі адамдар қауіпті алдын ала болжай алуы керек - деді ол. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен жануарларлардың құқықтарын қорғаушылар ұйымдастырған брифингте айтылды. Онда белсенділер қаңғыбас иттерді ұйықтату туралы заңға қарсылығын білдіріп, оның орнына жануарларды стерилдеу сияқты гуманды әдісті қолдануды ұсынды.