Атырауда нөсерден кейін көшелерді су басты 

Атырауда нөсер жауыннан кейін көшелерді су басты. Көліктің қозғалысы қиындап, кейбіреулер қайықпен жүр. Ескі үйлердің төбесінен су кетіп, тұрғындар әбігерге түсті. 

Мамандардың айтуынша, біржолғы жаңбыр айлық мөлшерден 1,5 есе көп жауған.  Қала ішінде суағар жүйесі жоқ. Бұл да жағдайды ушықтырып отыр. Мектеп, балабақша секілді әлеуметтік нысандардың маңайы көлге айналған. Жүргіншілер су кешуге мәжбүр. Синоптиктер аптаның соңына дейін жаңбыр жауады деп болжайды. Қазір көшелерді құрғатуға барлық күш жұмылдырылып жатыр. 

Ақесен Ибрагимов, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Бір ай жарым мөлшерде қалаға жауын-шашын түскен. Осыған байланысты 13 аумаққа бөлінген қала бойынша жауапты мекеме «АрнаулыАвтобаза» мекемесі мен қалалық тұрғын-ұй коммуналдық инспекциясы тарапынан жауапты тұлғалар осы жұмыстарды бақылауда ұстап отыр. Бүгінгі уақытта 41 техника жұмылдырып, қала және елді-мекен аумағында жұмыстарын жүргізіп жатыр.