Жасанды интеллект – жаһан дамуының мүмкіндігі

Жасанды интеллект – адам ақылын алмастыратын емес, оны толықтырып, мүмкіндігін кеңейтетін құрал. 

Оның басты ерекшелігі – үлкен көлемдегі ақпаратты талдап, тиімді шешім қабылдауға көмектесуі. Бүгін бас қаладағы Еуразия ұлттық университетінде өткен жиында ғалымдар осылай деді. Білім ордасының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми конференцияда жасанды желі жіті талданды. Яғни оның мелмекеттік саясатты жетілдірудегі және қоғамдық бақылаудың заманауи үлгілерін қалыптастырудағы стратегиялық маңызы жан жақты талқыға түсті. Сондай-ақ ғалымдар жасанды интеллектінің қауіпсіздігі, этикасы және құқықтық реттелуі бойынша пікір алмасты. 

Омер Барыш, NU жоғары мемлекеттік саясат мектебінің профессоры:

- Бүгінгі форумда профессор жасанды интеллекттің білім беру жүйесін, еңбек нарығын және мемлекеттік басқаруды түбегейлі өзгертіп жатқанын, ал бұл үдерістен қашып құтылу мүмкін еместігін атап өтті. Оның айтуынша, ЖИ-ге жылдам бейімделген институттар мен қоғамдар жаңа жұмыс орындарын құру, өнімділікті арттыру және бәсекеге қабілеттілікті сақтау тұрғысынан анағұрлым ұтымды жағдайда болады, ал өзгерістерге қарсы тұрғандар теңсіздіктің күшеюі мен әлеуметтік тұрақсыздық қаупіне тап болуы мүмкін.