Қазақстандықтардың мобильді аударымдары тексеріле бастады

Бүгіннен бастап салық органдары қазақстандықтардың мобильді аударымдарын тексере бастады. 

Ақша жүзден астам қолданушыдан түсіп, үш ай ішінде тұрақты аударылса және жалпы сомасы бір миллион теңгеден асса, талдау жасалады. Мамандар сәуір айының соңына дейін күмәнді операциялар тізімін жасап, тексереді. Ал мамыр айынан бастап қазақстандықтар арнайы хабарламалар ала бастайды. Одан кейінгі отыз күнде азаматтар табысының қайдан келгенін түсіндіру керек. Ал айыппұл заңсыз кәсіп жүргізіп, пайда тапқаны толыққанды дәлелденгеннен кейін ғана салынады.