Ішкі туризмді дамытуға әуелі жол керек
Қазір елдің негізгі туристік аймақтарында ауқымды жұмыс жүріп жатыр.
Мәселен, «Бейнеу-Сексеуіл» бағыты келешекте Каспий теңізіне апаратын жолды жақындатады. Ал «Орталық-Батыс» дәлізі Торғай өңірін Астанамен байланыстырады. «Өскемен-Рахман қайнары» жобасы Шығыс Қазақстанның туризм саласын дамытуға серпін береді. Республикалық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу де назарда.
Осылайша, «Жаңаөзен – Кендірлі», «Өскемен – Қатонқарағай», «Көкшетау – Зеренді», «Кеген – Қырғызстан» шекарасы, «Қалқаман – Баянауыл» автожолдарын жаңарту көзделген. Жергілікті атқарушы органдар туристік аймақтарға қолайлы қатынауды қамтамасыз ететін 33 өңірлік жобаны іске асырып жатыр. Алакөл жағалауына көлікпен баратындар үшін «Қабанбай ауылының айналма жолын салу» жобасы әзірленді.