YаYа компаниясы үндеу жасады

Компанияның ресми сайтында стартап авторлары осы уақытқа дейін тіс жармауының себебін түсіндірді.

Таңдалған қаржылық модель клиенттер тарапынан үлкен жүктемеге төтеп бере алмаған. Екі жылда платформа арқылы балалар үйірмелер мен секцияларға жарты миллионнан астам рет қатысқан.  Кәсіпкерлер 1 млрд теңгеден астам табыс тапқанымен, ата-аналар төлеген қаражат жеткіліксіз болған. Қарапайым тілмен айтқанда, абонементтер өзін-өзі ақтамады, керісінше бизнес шығынға батты. Қазір компания клиенттер мен серіктестер алдындағы міндеттемелерін реттеуге тырысып жатыр. Қаражатты қайтару процесі басталып кеткен. Астана мен Алматыдан жалпы 3 мыңнан астам тұрғын абонемент ақшасын қайтаруды сұрап, талап-арыздарын жазған.