Алимент қарызы қордаланып қалған

Түркістан облысында азаматтардың алимент қарызы 1 млрд теңгеден асқан.

Одан бөлек, түрлі іс бойынша мемлекет пайдасына өндірілуі тиіс берешек 700 млн теңгеге жуықтады. Осыған байланысты қалада «Борышкер» шарасы өтіп, жауапсыз тұрғындар анықталып жатыр. Рейдтің бір күнінде қарызын төлемей жүрген 23 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, айыппұл және салық берешегі бар 2 адамның көлігі арнайы автотұраққа қойылды. Салық қарызы бар жүргізушілерден 582 мың теңге өндірілді.

Каукен Нәрікбаев, қала прокуроры:

- Іс-шараның мақсаты - әкімшілік айыппұл, салық және әлеуметтік берешегі бар тұлғаларды анықтап, түсіндіре жұмыстарын жүргізу. Аталған іс-шара тұрақты түрде жалғасады. Азаматтарды берешектерін уақытылы өтеуге шақырамыз.