БҚО-да ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Батыс Қазақстан облысында мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Оның құрамында мемлекеттік ветеринария қызметіндегі мамандар болған.

Олар ауылшаруашылығы жануарларының сәйкестендіру базасында біреудің малын өзінікі деп жазып, ветеринарлық анықтама беріп жүрген. Ұзақ жыл оңай олжаға кенеліп жүрген топ Казталов ауданында әрекет еткен.

Бекзат Құмарғалиев, облыстық Прокуратураның аға прокуроры:

- Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында ветеринариялық дәрігерлер болғаны және олар ұрланған малды деректер базасы арқылы заңдастыру жолымен өткізу схемасын ұйымдастырғаны анықталды. Күдіктілер қамауға алынып, тергеуге белсенді жәрдемдесуде. Облыс прокуратурасы бұл жағдайды осындай қылмыстарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығын айғақтайтынын атап өтеді.