Жеңіл өнеркәсіпті өрістету тетігі
Биыл елде жеңіл өнеркәсіп саласында 8 ірі жоба іске асады.
Бұл қатарда Шымкент қаласындағы Аралас және мақта маталарын өндіру зауыты, Түркістан облысында тоқыма бұйымдарын өндіру жөніндегі мақта кешенінің II кезеңі мен Атырау облысында экструзиялық полипропилен геотекстиль кешенінің III кезеңі бар. Жоспар бойынша бірқатар маңызды бағытты қамтитын нақты шаралар қарастырылған. Алғашқысы - жергілікті шикізатты міндетті түрде пайдалану. Бұл отандық ресурстарды тиімді игеруге және өндірістің ішкі әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Мұхамед Андаков, ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары:
- Инвестициялар тарту үшін 16 арнайы экономикалық аймақтың 10-на басым қызмет түрлеріне жеңіл өнеркәсіп салаларын енгіздік. Сондай-ақ сора өсімдігінің сұрыптарын өнеркәсіптік қайта өңдеу қағидаларын бекіттік. Елде бар шикізатты одан әрі өндеу үшін біз қытайлық инвесторымен Түркістан облысында Тоқыма бұйымдарын өндіру жөніндегі мақта кешенің құру жобасы бойынша Инвестициялар туралы келісімге қол қойдық.