Қоғамдық кеңес мүшелері дәріханаларды тексерді
Алматыда арнайы комисиия 60-қа жуық дәріханаға тексеріс жүргізді. Мониторинг барысында мамандар дәрі-дәрмектің бағасына жан-жақты сараптама жасады.
Бұл туралы қалалық Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтылды. Елде әлеуметтік маңызы бар бірқатар дәрі түрлеріне шекті баға бекітілген. Бұл механизм олардың белгіленген мөлшерден қымбаттап кетпеуін қамтамасыз етеді. Мамандардың айтуынша, тексеріс нәтижесінде бағаның күрт өсу фактілері тіркелмеді. Алайда дәріханалар арасындағы баға айырмашылығы байқалған.
Зәуре Аманжолова, қалалық Қоғамдық кеңестің №6 комиссиясының төрағасы:
- Баға басқа дәріханада мынанша тұруы мүмкін, мына жерде 200-300 теңгеге қымбатырақ тұруы мүмкін. Оны да байқадық. Оның бәрін жазып, өзіміздің ұсынысымызды айттық. Дәріханаға кірсеңіздер бір көрсетілген бағаны көрмейсіздер. Тек алғаннан кейін кассаға барғаннан кейін бағасы айтады. Сондықтан тауарларға бағасын қойса деп жаздық.