«Жаңа қала – таза қала» акциясы өтті

Қосшыда «Жаңа қала – таза қала» атты ауқымды экоплоггинг өтті. Қатысушылар салауатты өмір салтын насихаттап, қоршаған ортаға қамқорлық көрсетті.

Яғни жүгіріп жүріп жол бойын қоқыстан тазартты. Тұрғындар 10 топқа бөлініп, алдын ала белгіленген аумақты тазалады. Экологиялық шараға мыңға жуық жас қатысты. Науқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды.

Азамат Қапышев, Қосшы қаласының әкімі:

- Акция бір күн емес, 2 айдың ішінде сенбі, бейсенбі күндері абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Акцияның негізгі мақсаты тек қана көшені, ауланы жинау емес, жас буынға үлгі көрсету.