Еуроодақ интернеттегі қауіпсіздікті күшейтеді

Интернетте отырған адамның қай жаста екені тексеріледі. Еуроодақ елдері осындай қосымшаны іске қосады.

Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, жаңа жүйе төлқұжатты сканерлемей-ақ адамның жасын анықтайды. Яғни биометрия қажет емес. Тексеру интернеттегі деректер бойынша жүргізіледі. Еуропалық комиссия басшысы қолданушының жеке мәліметтері қорғалады, ешқайда таралмайды деп отыр. Жаңа қосымша бес елде сынақтан өткен. Жыл аяғына дейін ұйымға мүше 27 елде толықтай іске қосу жоспарланып отыр.