«Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасы талқыланды
Павлодар облысы Екібастұз қаласында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасы жүзеге асырылады. Сол мақсатта жер учаскелері айқындалып, келісімдер жасалған.
Қуаты 215 МВт қосалқы станциясы да дайын. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында энергетикалық инфрақұрылымының негізін қалыптастыру үшін осындай тапсырма жүктеген еді. Премьер-министр соның орындалу барысын бағамдап, кеңес өткізді. Инвесторларға энергиямен жабдықтаудың жеңілдетілген тарифтік моделі бекітіліп, тиісті инвестициялық және салықтық жеңілдіктер белгіленген. Сондай-ақ АҚШ, Қытай және Үндістан елдерінен «бұлтты» есептеу, үлкен деректерді өңдеу және жасанды интеллект салаларында жұмыс істейтін 20-дан астам hyperscale-компаниялармен келіссөздер жүргзілді. Олжас Бектенов жобаның белгіленген мерзімнен кешіктірілмей орындалуын тапсырды.