Каспийде жүздеген итбалық қырылып қалған

Каспий жағалауында 200-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды. Балық инспекторлары теңіз сүтқоректілерін Түпқараған ауданындағы жағажайды барлау кезінде көрген. 

Қазір оқиға орнында экологтар, гидробиология және биология институының өкілдері тексеру жүргізіп жатыр. Мамандар теңіз суы мен итбалық ағзасынан сынама алды. Нәтижесі алдағы уақытта белгілі болады. Мамандардың алдын ала жасаған болжамы бойынша, итбалықтар бір ай бұрын ашық теңізде қырылған, ал өлекселерді күшті жел жағалауға шығарып тастаған көрінеді.