Экологиялық саммит Орталық Азия елдерінің қатынасын тереңдете түседі

Алдағы экологиялық саммит Орталық Азия елдерінің қатынасын тереңдете түседі. 

Кеңес аймақтағы айтулы диалог алаңына айналады. Белгілі эколог, Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институтының басқарма төрағасы Елдос Абаканов осылай дейді. Басқосуда жасыл энергия жайы сөз болып, өзара іс-қимыл бағыты бағамдалады. Аймақтық экологиялық саммит Астанада 22-23 сәуір күндері өтеді. 

Елдос Абаканов, Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институтының басқарма төрағасы:

- Бүгінгі таңда энергетика мәселесі – өзекті мәселе. Аймағымызда бұл мәселеге қатысты әлі де көптеген біріккен шешімдер мен жобаларды іске асыру керек. Сондықтан тұрақты энергетикалық даму, біріншіден қаржыландыру, екінші жағынан иновация мен серіктестікке тікелей байланысты.