Ипотекалық несиені онлайн рәсімдеуге болады
«Отбасы банк» өкілдері осылай дейді. Ол үшін қаржы ұйымының сайтына немесе қосымшасына кіріп, видеобанкинг батырмасын бассаңыз жеткілікті.
Виртуалды менеджерлер арқылы қажетті құжаттарды онлайн жүктеп, өз баспанаңызды ала аласыз.
Индира Әділхан екі жылдан бері «Отбасы банктен» еңбек етеді. Қызметі бейне қоңырауларды қабылдап, халыққа онлайн несие алуға көмектесу. Күніне 100-ге жуық жанға жәрдемседі екен.
Индира Әділхан, «Отбасы банк» АҚ қашықтықтан қызмет ету орталығының маманы:
- Уақытты кезекте бос өткізбей, онлайн бейнеқоңырауға ыңғайлы уақытта бізге қосылып, ипотеканы оңай әрі жеңіл рәсімдеме болады. Ол үшін тек ғана біздің «Отбасы банктің» ресми парақшасына кірсе немесе мобильді қосымшаны қолданса болады. Соның ішінде «видеобанкинг» деген арнайы бөлім бар.
Жоба 22 жылдан бері жүзеге асып келеді. Бұған дейін ілкімді істің игілігін 20 мыңнан астам жан көрді. Бүгінде жалпы несие алушылардың жиырма пайызы виртуалды көмекшілердің қызметіне жүгініп, онлайн несие рәсімдейді екен. Ұзын-сонар кезекті азайту мақсатында банк осы бағытты дамытып жатыр.
Нұрлан Ақшанов, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- Біздің видео банкирлеріміз сізге көмектеседі. Бәрін түсіндіреді. Депозитті ашады, депозитті қалай толтыру керек тсүіндіреді. Сонымен бірге несиені де ала аласыз, видеобанкинг арқылы. Қазіргі таңда видеобанк арқылы несие алатын клиенттеріміздің саны 20 пайызға жетті.
Яғни бүгінде банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ. Керекті құжатты онлайн рәсімдей аласыз. Тек сату, сатып алу жөнідегі келісімшартты жасасуға ғана барсаңыз болды.
Авторлары: Шернияз Жалғасбекұлы, Арман Ақшабаев