Павлодарда өрт сөндіру бекеттері ашылды

Екібастұз қаласы маңындағы Солнечный кентінде өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. 

Нысан заманауи талапқа сай салыған. Барлық қажетті құрал-жабдықпен қамтылған. Өрт сөндіру автоцистерналары мен жедел-құтқару көліктері бар. Ғимаратта дәрісхана, демалу орны мен спорт зал қарастырылған. Жаңа өрт сөндіру бөлімшесі Солнечный кенті мен оған жақын орналасқан 11 ауылдық округтің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ал Қарасор, Құдайкөл және Құлакөл атты үш елді мекеннің жедел өртке қарсы қорғалуын қамтамасыз ету үшін «Ауыл құтқарушылары» бекеті ашылды. Ол Екібастұз ауданының Қарасор елді мекенінде бой көтерді. Онда еріктілер тәулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқарады. Бекетте автоцистерна, өрт сөндіру құралдары, жауынгерлік киім және байланыс құралдары бар. 

Ерлан Қасеналин, Ауылдық округ тұрғыны:

- Төрт елдімекен бар арасы алшақ. Жылда дала өрті, ауылдағы өрт болсын сол кезде көмекке Екібастұз қаласының өрт сөндіру бөлімі , тіпті Ақсу, Қалқаман поселкасынан келіп көмек көрсететін. Осындай пункттің ашылуы елдің дүниесі, мүлкін сақтап қалуға көп септігн тигізеді.

Ал Павлодар облысының Атамекен кентінде өрт сөндіру бөлімі 40 жылда алғаш рет қайта жаңғыртылды. Онда инженерлік желілер жаңартылып, қызметтік үй-жайлар салынған. Техника паркі өтімділігі жоғары автокөліктермен, жол талғамайтын техникалармен және су көліктерімен толықты. Өрт сөндіру бөлімі Атамекен кенті мен Ақсу өңіріндегі 9 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ашылу рәсімі кезінде Төтенше жағдайлар министрі,  азаматтық қорғау жүйесін дамытуға үлес қосқан қызметкерлерді ведомстволық наградаларымен марапаттады.