Теміртауда шайыр өңдейтін цех өртенді

Теміртауда шайыр өңдейтін цехтың 45 шаршы метр аумағы өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер келген кезде  шайыр, антрацен, нафталин майы мен қалдықтары  жанып жатқан.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды.  Өртті  сөндіруге су қысымы жоғары оқпандар пайдаланылып, автосаты арқылы көбік шашылды. Нәтижесінде өрттің таралуына жол бермей, жарылыс қаупін сейілтті. Зардап шеккендер жоқ.

Құрмет Жұмекенов, ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары:  

- Шайыр өзі жанған кезде қап-қара түтін болып көрінеді ғой. Сондықтан да халық арасында бір қорқыныш тудыратындай көрініс болды деуге болады. Біздің мемлекеттік өрт сөндіру бөлімінен 19 қызметкер және 5 техника жұмылдырылған болатын. Оған қоса Qarmet акционерлік қоғамы аумағында екі өрт сөндіру бөлімі бар. Олардан да 19 жеке құрам және 6 техника жұмылдырылды.