Қазақстан мен Моңғолия тараптары құжаттармен алмасты

Келіссөз қорытындысы бойынша екі елдің ресми делегация мүшелері қол қойылған құжаттармен алмасты. 

Қос елдің Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы меморандум, экономикалық ынтымақтастықты жандандыру, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, мұнай саласы бойынша ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды. Әртүрлі сала бойынша барлығы 13 құжатқа қол қойылды.