«Таза Қазақстан» акциясы Грекияда жалғасты

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы Грекияда жалғасты. Біздің елшілік Афинада жағалау аумағын тазарту акциясын ұйымдастырды.

Мұндай жоба Еуропада алғаш рет қолға алынып отыр. Іс-шара Астанадағы Өңірлік экологиялық саммитке орайластырылып өткізілді. Акцияға Грекияда тұрып жатқан отандастарымыз, студенттер және жергілікті тұрғындар келген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – қаланы көркейтумен қатар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақыратын бастама. Қазақстанның Грекиядағы елшісі Тимур Сұлтанғожиннің айтуынша, «Таза Қазақстан» еліміздің шекарасынан асып, шетелдіктерді де тазалық, тәртіп және жауапкершілік секілді ортақ құндылықтар төңірегіне біріктіріп отыр. Афина қаласының өкілдері акцияға қатысушыларға алғысын білдірді. 

Николаос Яковлев, Афина қаласы Палео-Фалиро муниципалитеті мэрінің орынбасары:

- «Таза Қазақстан, меніңше, баршаға үлгі болуға тиіс бастама. Осындай акциялар бізді де, өсіп келе жатқан жас ұрпақты да тәрбиелеуге ықпал етеді. Қоршаған ортаның ластану мәселесін шешу, ең алдымен, өзімізге байланысты екенін түсіндіреді. Әсіресе пластик және микропластиктің экологияға кері әсері артқан тұста.