Астанадағы Өңірлік экологиялық саммит бүгін жалғасын табады

Дәл қазір отырыстардың алды басталды. Бүгін Орталық Азиядағы климат өзгерісін ғылыми тұрғыда бағалау, экологиялық ынтымақтастық платформасы, Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері қаралады. 

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

- Мемлекет бұл салаға көп қаржы жұмсайды. Алайда әлі де жеткіліксіз. Өйткені кезіндегі Кеңес одағынан Қазақстанға ескі өндіріс орындары, ескірген технология қалды. Біз 2060 жылға қарай, көміртегі бейтараптығына қолжеткізгіміз келеді. Алайда оған 600 млрд доллар керек. Бұл – қыруар қаржы. Сол үшін халықаралық қаржы ұйымдарының да көмегін алуымыз керек.

Томас Ламанаускас, Халықаралық электр байланысы одағы бас директорының орынбасары:

- Біз цифрлық технологияны дамытудың да климатқа әсері бар екенін білеміз. Өйткені ол су мен электрді көп қажет етеді. Сол себепті біз технологияларды тұрақты болатындай жасақтауымыз керек. Оның қоршаған ортаға әсерін бағамдайтын стандарт түзу қажет. Жасыл цифрландыру, жасыл Жасанды интеллект деген ұғымды да қарастырсақ деймін. Бұл ресурстардың, әсіресе су мен электрдың артық шығына себеп болмауы керек.