Атырауда бес тоннаға жуық қоқыс шығарылды
Атырауда «Таза бейсенбі» акциясы аясында қаланың сыртқы аумағынан бес тонна қоқыс шығарылды.
«Жастар рухы» жастар қанатының» ұйымдастыруымен өткен акцияға мәслихат депутаттары, студенттер мен белсенді жастарды қосқанда 300-ге жуық адам қатысты. «Таза Қазақстан» жобасы аясында қалада жаңа саябақтар салынып, абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр.
Бейбіт Мырзағалиев, «AMANAT» партиясы ОФ төрағасы:
- Акцияның негізгі мақсаты - тазалықты насихаттау, жастар арасында өңірдің экологиясын, қаланы абаттандыру секілді үлкен мәселелерге назар аудару. 10-ға жуық техника осы жерде жұмылдырылып, жасалған тазалық жұмыстарының артын реттеп, техникалармен қоқысты тиісті орындарға жеткізеді.