Әскерге шақырту жүйесі жетілдіріледі

Әскерге шақыртудан жүйелі түрде жалтарып жүргендерге шектеу шаралары енгізілуі мүмкін.

Оларды анықтау бірыңғай шақырту тізілімі негізінде жүзеге аспақ. Бірақ, мұндай шешім уақытша сипатқа ие екені де айтылды. Қорғаныс министрлігінде ведомствоаралық кеңес өтті. Армияға тарту ісінде конституциялық міндетті орындау үшін заманауи цифрлық тетік қалыптастырылады. Бұл туралы сала министрі Дәурен Қосанов мәлімдеді. Сондай-ақ мерзімді әскери қызметшілердің қаржылық жағдайы мен  әлеуметтік кепілдіктерін жетілдіру мәселесі пысықталды.