ШҚО-да төрт санитарлық-гигиеналық торап салынады

Шығыс Қазақстан облысында туристік нысандарға апаратын Өскемен-Риддер, Шемонаиха, Қатон-Қарағай бағытындағы жолдарға орташа жөндеу жасалады.

Жол сапасын зерттейтін мамандар осы уақытқа дейін 514 шақырым жолға диагностика жүргізіп, сапасы сын көтермейтін учаскелерді анықтады. Биыл республикалық маңызы бар автожолдарда 30 мың шаршы метр асфальт жабыны жөнделеді. Сонымен қатар жолдар бойындағы сервисті жақсартып, санитарлық-гигиеналық торап саны арттырылады. 

Алмас Қасенов, "Қазавтожол" ҰК ОФ директорының орынбасары:

- Өскемен - Алтай - Рахман  қайнары жолында екі  санитарлық-гигиеналық торап салу және шекаралас  аймақтарға - Ресей Федерациясы және Қытай Халық Республикасымен шекаралас аймаққа екі санитарлық торап салу жоспарлануда. Қазіргі кезде Майқапшағай кеден бекетінде санитарлық-гигиеналық торап салынды.