Сенаторлар сенбілікке шықты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған депутаттар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 200 түп ағаш көшетін отырғызды.
Олар Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандыруға үлес қосты. Сенбілікте сөз алған сенат спикері Мемлекет басшысы «Тұрақты болашақ – ортақ көзқарас» Өңірлік экологиялық саммитінде қазіргі экология тек климат мәселесімен шектелмейтініне, ол адамзат тіршілігінің түп негізі екеніне баса мән бергенін атап өтті. Сонымен қатар жиынның Инклюзивті спорт орталығы аумағында өтуіне де назар аударды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жайлы жағдай жасау, оларды қолдау мемлеттің басым бағыттарының бері және ел президентінің тапсырмасы екеніне тоқталды.