Экономика салаларында ЖИ енгізу. Live

Елде азаматтарға арналған жасанды интеллект агенттері іске қосылуда. Қазіргі таңда мемлекеттік органдар 50-ден астам AI-агентті әзірледі.

Нейрожүйе халықтың өмір сүру сапасын арттырып, бизнеспен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған. Жаңа  цифрлық өнімдердің енгізілуі қандай нәтиже беріп жатыр? Экономиканың барлық бағытына жасанды интеллекті енгізу барысы үкімет отырысында талқылану үстінде.