Ұялы телефондарды верификациялау мемлекет бақылауына өтуі мүмкін
Қазақстанда ұялы телефондардың IMEI-кодтарын тексеру қызметі мемлекеттік ұйым құзыретіне берілуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Оның айтуынша, бұл мәселе Үкімет деңгейінде қаралған. Нәтижесінде қызметті мемлекеттік монополияға беру туралы шешім ұсынылған.
«Телефондарды верификациялау қызметін көрсететін мемлекеттік ұйым құру жоспарланып отыр», - деді вице-министр.
Қазіргі уақытта Мәжілісте тиісті нормативтік-құқықтық өзгерістер қарастырылып жатыр. Құжаттар қабылданған жағдайда, аталған функцияны мемлекеттік компания жүзеге асыратын болады.
Айта кетейік, бұған дейін IMEI-кодтарды тексерумен ATS Mediafon Kz компаниясы айналысып келген. Импорттаушылар әрбір әкелінген құрылғы үшін 1 АЕК көлемінде төлем жасаған