Өскеменде әлеуметтік азық-түлік негізсіз қымбаттаған
Өскеменде әлеуметтік азық-түлік бағасы 90 пайызға дейін негізсіз көтерілген.
Қаладағы ірі сауда орындарының бірінде сәбіз, картоп пен қырыққабат үш есе қымбатқа сатылған. Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті электронды шот-фактураларды тексеру кезінде заңбұзушылықты анықтады. Егер бағаны негізсіз көтеру фактілері дәлелденсе, кәсіпкерлерге 600 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.
Асхат Сағидолдин, сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы:
- Қазіргі күні аталған кәсіпкерлерді қатысында тексеру жүргізу үшін материалдар жинақталды. Егер тексеріс нәтижесінде нақты құжаттармен дәлелденген жағдайда кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылады. Жүргізіп отырған мониторингтің мақсаты, кәсіпкерлерді жазалау немесе айыппұл салу емес. Негізгі мақсат бизнесті заң аясында жұмыс істеуге шақыру.