Қостанайда Конституцияның жаңа нормалары талқыланды
Қостанайда «Халық Конституциясы – ұлттық құндылықтар мен бірліктің айнасы» атты тақырыпта жиын өтті.
Онда жаңа Конституцияның мемлекеттік құрылысты нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғауға және елдің тұрақты дамуына бағытталған негізгі қағидаттары талқыланды.
Жиынға Парламент, Мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган, саяси партия, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Олар жаңа Конституцияға сәйкес өзгеріске ұшырайтын заңдар мен ережелер турасында ой бөлісіп, пікір алысты.
Әсел Құлмағамбет, қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы:
- Конституциядағы жаңадан еңгізілген жаңа новеллалар қалай жүзеге асатындығы, қандай заңдар шығады? Ол заңдар шыққаннан кейін барлық халықтық талқылауға шығарылады ғой.
Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақтың айтуынша, 60-тан аса леспе заңға өзгерістер мен толықтырулар еңгізілмек. Сондай-ақ Конституция нормаларын мектептің оқу бағдарламасына енгізу жоспарда бар.
Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Енді 5-тен 6 сыныпқа Конституция құқық негіздерінен оқу оқытылатын болады. 7-8 сыныпта «Заң мен тәртіп» деген пән оқытылатын болады.
Ата заңымызда отбасы мен бала құқығын қорғау нормалары сақталып қана қоймай, айтарлықтай күшейтілген. Осыған байланысты неке институтын нығайтуға назар аударылса –дейді қоғамдық ұйым өкілдері.
Несібелі Бәсенова, Қостанай облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл:
- Менің бір үлкен мақсатым бар. Ол біріншіден отбасын құруға жастарды дайындау институты. Ол жеке мектеп бола ма, ол мемлекет тарапынан бола ма, өсіп келе жатқан жастарды осы институтқа келу үшін дайындық керек.
Осы жиын аясында жаңа Конституция бойынша республикалық рефрендумды өткізуге белсенді атсалысқан бірқатар азаматтарға алғыс хат табыс етілді.
Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров