Донор тапшылығы: қоғам көзқарасы қандай?|Сауалнама
Елде 4 мыңнан астам азаматтың өмірі қыл үстінде тұр. Ажалдың құрығынан құтылу үшін оларға донорлық ағза керек.
Алайда мұндай мүмкіндікке қол жеткізгендер саны аз. Бүгінде ағза донорының тапшылығы өзекті тақырып. Ал бұл мәселеге қатысты елорда тұрғындары не дейді?