Қазақстанда 18 млрд теңге алимент төленбей отыр
Қазақстанда алимент төлемейтін борышкерлердің саны 12 мыңнан асады. Олардың жалпы берешегі 18 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды «24KZ».
Құзырлы органдардың мәліметінше, борышкерлерге қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары қолданылуда. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 1100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар 89 борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Мәжбүрлеп орындату шаралары аясында бірінші тоқсанда 3 млрд теңге өндіріліп, балаларға тиесілі қаражат төленді.