Ақтөбеде мектеп түлектері көшет екті
Бүгін Ақтөбе облысында 2 335 түп ағаш егілді. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына мектеп түлектері қатысты.
Білім ордаларына 9 және 11 сынып оқушылары өздерінің атаулы ағашын сыйға тартты. Мәселен, облыс орталығындағы нөмірі 12 орта мектептің балалары 50 түп көктерек пен арша ағашын екті. Түлектер еккен жас көшеттерді кейінгі сынып оқушылары баптап өсіреді.
Маржан Меңдіқұл, оқушы:
- Президентіміз бастаған «Таза Қазақстан» жобасына мектебімізбен, сыныбымызбен қатысып жатырмыз. Қатысудағы мақсатымыз биыл мектебімізді көптеген оқушылар, сыныптастарымыз мектеп бітіреді. Біреуі колледжге түседі. Сол себепті келесі жылы келгенде немесе басқа уақытта мектеп ауласынан көргенде естелік болып қалу мақсатында ағаштарды егіп жатырмыз.