Ақтөбеде Aqtobe IT HUB ашылды

Ақтөбеде IT-технологияларды тегін меңгеруге мүмкіндік беретін AQTOBE IT HUB ашылды.

Жаңа орталықта заманауи дағдыларды кез келген адамның игере алады.  Ал ІТ саласында білім алып жүрген студенттер өз жобаларын жүзеге асырып және мамандықты терең зерделеуге септігін тигізеді.

Мансұр Есқожин, тілші:

- Жаңа IT HUB облыс орталығындағы жоғары политехникалық колледж жанынан ашылды. Мұнда бағдарламалау, робототехника, жасанды интеллект және басқа да цифрлық бағыттарды игеруге болады. Оқу ордасының қосымша дәріс сағаттары да осында өтеді.

 Алдияр Баян Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің студенті:

- Өзімізге жеке компьютер еркін жұмыс істеуге қолданысқа беріп отыр. Бүгін код жазып жатырмыз. Яғни сайт ашып, турлар үйреніп жатырмыз. Инновациялық оқу орталығын ашқанына қуаныштымыз.

Гауһар Марат, оқытушы:

- Колледжде де мысалы кабинеттер жасақталған бірақ кейбір бағыттар бойынша мына жақта кеңірек. 3D принтерлер бар, мысалы. Балалар өздерінің жобаларын жасап, нағыз шынайы жобалар сияқты ғой, балалар жасаған модельден толықтай принтерден шығарып көре алады.

 Мансұр Есқожин, тілші:

- AQTOBE IT HUB жұмысының негізгі бағыттарының бірі – Tomorrow School бағдарламалау және жасанды интеллект мектебі. Мемлекет басшысының аталған саланы дамыту және IT-мамандарды даярлау жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында ашылды. Мұнда кез келген адам IT-мамандықтарды тегін меңгере алады.

Гүлдара Ысқақова, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының бөлім басшысы:

- Бұл оқуға он сегіз жастан асқан кез келген азамат қатыса алады. Алдын ала бағдарламалауды білу міндетті емес. Бұл оқытудың ең негізгі ерекшелігі оның оқыту форматында. Р2Р деп аталады. Дәстүрлі сабақтар мен мұғалімдер болмайды. Оқыту халықаралық платформамен жүргізілетін болады. Қатысушылар өздеріне берілген тапсырмаларды орындап, бір біріне көмектесу арқылы білім алатын болады.

Мансұр Есқожин, тілші:

- Орталықтың жұмысы облыстық бюджет есебінен қаржыландырылады. Бұл шетелден мамандарды алдырып, жергілікті педагогтердің біліктілігін арттыруға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. 

Авторлары Мансұр Есқожин, Болатбек Молдағалиев

Сондай-ақ оқыңыз: