Алматыда 6 мыңнан аса оқушы көгершінді бейнеледі

Алматыда алты мыңнан аса оқушы бейбітшілік символы - көгершінді бейнеледі.

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған «Бірлік – бейбітшілік бесігі» атты шарада оқушылар мен ұстаздар арнайы хореографиялық қойылым көрсетті. «Осы акция арқылы елде тұрып жатқан этнос өкілдерінің достығын көрсеткіміз келді», - дейді ұйымдастырушылар. Ерекше көрініс дрон арқылы таспаланды. Медеу аудандық білім бөлімі ұйымдастырған іс-шараға ата-аналар да атсалысты.

Ақнұр Нұралиева, Медеу ауданы Білім бөлімінің басшысы:

- Бұл іс-шараның негізгі мақсаты барлық оқушылардың, еліміздің бір шаңырақ астында тұрып жатқан әр ұлыстың тату-тәтті өмір сүріп жатқанын айқындайтын ерекше күн екенін атап өту. Бұл шара бірінші рет өтіп тұр.

Зулайхо Исмаилова, №56 гимназия оқушысы:

- Бұл флешмоб маған үлкен әсер етті. Себебі мен достарыммен өте жақсы уақыт өткіздім. Менің ойымша осылай флешмоб бәрімізді тату тәтті жасайды, достықты жақсартады.