ШҚО-да 5200 түп көшет егілді
Шығыс Қазақстандық мектеп түлектері бір мезетте 5200 түп ағаш екті.
Өмірдің жаңа кезеңіне аяқ басқалы отырған жастар республикалық челленджге белсене қатысып, өлкесін көгалдандыруға өз үлесін қосты. Бұл акцияға шалғай аудандарды қоса алғанда жалпы 347 білім беру ошағы қатысты. Қаладағы №50-ші мектеп екі жыл бұрын ғана бой көтерген. Биыл бұл мекемеден 74 түлек бітіріп шығады. Бүгін егілген көшеттер талай жылдан кейін жайқалып өсіп тұрса, кейінгі буынға үлкен өнеге болмақ, - дейді олар.
Ерасыл Мұратұлы, мектеп түлегі:
- Мен үшін өте әсерлі болды. Мектеп оқып жүргенде ағаш отырғызып, оны 10-20 жылдан кейін көру,бұл жүрекке қатты алатын сәт. Мектеп тарихына, басқа оқушылар келгенде түлектер отырғызды деп айту, көру біз үшін үлкен мақтаныш деп ойлаймын.