Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы өзгертілді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 24 сәуірдегі бұйрығымен Қазақстан аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған 2026 жылға арналған квотаға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды 24KZ.
2026 жылы бөлінген жалпы квота саны еліміздегі жұмыс күшінің 0,25% мөлшерінде белгіленді, делінген хабарламада.
2026 жылы ШЖК-ны жұмысқа тарту бойынша 4 санатта квота бөлінді: бірінші санат бойынша 726 рұқсат (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 402 рұқсат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 5 893 және 3 131 бірлік. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 4 994 адамға дейін жұмыс күші тартылуы мүмкін.
Бұдан басқа, 2026 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек көшіп келушілерді тартуға арналған квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 2,9% мөлшерінде белгіленген.