Волонтерлер бір миллион миллилитр қан тапсырды

Еріктілер жылы аясында «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері қан орталықтарымен бірлесіп «Ерікті бол – қан тапсыр!» атты ауқымды акцияны бастады. 

Қан тапсыру пункттері Қазақстанның 18 ірі қаласында ашылды. Әрбір ниет білдіруші qantapsyr.kz сайты арқылы тіркеліп, ерікті түрде донор бола алды. Акция барысында 1 миллион миллилитрден астам қан жиналды. Бұл мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Саясат Сағи, «Жаңа адамдар» қозғалысының белсендісі:

- «Қан тапсыр – ерікті бол» акциямыздың аясында штабтар ашып, бүгінгі таңда 1 млн мл-дан астам қан жинадық және жаңа бірнеше мың донорды тіркедік. Бұл акцияның жетістігі – жиналған қанның мөлшерінде емес, қазіргі таңда қоғамда және жекелей біздің мемлекетімізде қатысу мәдениетінің жаңа сатыға шыққанының дәлелі.