1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан Президентінің Жарлығымен 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды.

20,5 миллионнан астам қазақстандық бұл мейрамды татулық пен достықтың белгісі ретінде атап өтеді.

Бір шаңырақ астында елімізде түрлі ұлт пен этнос өкілдері бейбіт өмір сүріп келеді. 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны - 20 532 240 адамды құрады, деп хабарлайды «24KZ».
Жыл басында елдегі ең көп санды құраған ұлттар. 

1. Қазақтар – 14 664 202
2. Орыстар – 2 943 022
3. Өзбектер – 695 557
4. Украиндар – 367 547
5. Ұйғырлар – 309 164
6. Немістер – 222 890
7. Татарлар – 218 361
8. Әзірбайжандар – 157 568
9. Кәрістер – 120 821
10. Түріктер – 93 234
11. Дүнгендер – 88 165
12. Беларустар – 73 788
13. Тәжіктер – 61 307
14. Күрдтер – 52 077
15. Қырғыздар – 41 459