Бірлік күні – береке бастауы. Live
Қызылордада Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше тойлануда. Отыздан астам этнос өкілі татулықта тіршілік кешіп жатқан аймақта бүгін мерекелік іс-шаралар легі басталды.
Иә, қазір Президент саябағында мерекелік көңіл-күй сезіледі. Жұртшылық таңертеңнен жиналып, салтанатты шараның куәсі болуда. Мерекелік шара этнос өкілдері мен қала тұрғындарының шеруінен басталды.
Мерекенің ресми ашылуы ерекше форматта ұйымдастырылды. Көк аспанда дрондар арқылы Мемлекеттік ту желбіреп, соңынан ақ көгершіндер мен батпырауық ұшырылды. Бұл көрініс саябаққа жиналған халықтың назарын бірден аударды. Ал «Өмір ағашы» композициясының маңында арнайы көрме ұйымдастырылған. Онда қолөнер туындыларымен бірге, этнос өкілдерінің тарихынан сыр шертетін сирек мұрағаттық құжаттар қойылған. Көрме арқылы тұрғындар аймақтың демографиялық тарихымен кеңінен таныса алады. Саябақтың келесі бөлігінде гүлдер мен құстар фестивалі өтуде. Онда қала тұрғындарының өздері өсірген сирек өсімдіктер мен үй құстарын тамашалауға болады. Бұл алаң әсіресе балалар мен табиғат жанашырлары үшін ерекше демалыс орнына айналған.