Ойын алаңдарының қауіпсіздігін күшейту ұсынылды
Түйіткілді мәселенің шешімі ретінде төменгі палата өкілі бірқатар ұсыныс тастады.
Айтуынша, алдымен сауда үйлеріндегі ойын алаңдарын тек бірінші қабатқа орналастыруды заңдық тұрғыда міндеттеу қажет және эвакуациялық шығу жолына дейінгі 20 метр қашықтық нормасы қатаң түрде сақталуы тиіс. Сондай-ақ ойын жабдықтарын күніне кемі екі мәрте залалсыздандыру талабын да енгізу шарт. Қажет болған жағдайда құзырлы органдар жоспарлы түрде ай сайын тексеру жүргізіп, нәтижесін көпшілікке жариялауы қажет.
Мархабат Жайымбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Үшіншіден, ойын алаңдары қызметкерлері үшін міндетті кәсіби даярлық жүйесін қалыптастыру. Төртіншіден, баға саясатын реттеп, қызмет құнының қалыптасуын ашық ету маңызды. Яғни әлеуметтік осал топтағы балдардың барлығына барлық күнде бірдей жеңілдік қарастыру.