Қазақстандық оқушылар робототехникадан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та робототехника бойынша өткен әлем чемпионатынан жеңіспен оралды.

Биыл FIRST атты әлемдік додада ел намысын 225 оқушы қорғады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Жалпы ел құрамасы 12 марапатқа ие болып, қазақстандық робототехниканың әлемдік аренадағы  деңгейін тағы бір мәрте жоғарлатты. Сондай-ақ олар 60 елден келген қарсыластарын басып озып, жоғары нәтиже көрсетті. Әлем чемпионатында оқушылардың роботтары ғана емес, бір жыл бойы атқарған жұмыстары да жоғары бағаланды. Бүгін жас инженерлерді елорда әуежайында ұстаздары, қатарластары мен ата-аналары қарсы алды.

Ақбар Ермеков, команда мүшесі:

- Жарыс өте керемет деңгейде өткен. Өте жоғары деңгейде Қазақстанды көрсеттік деп ойлаймын. Жарыс біз үшін өте керемет тәжірибе және эмоциялар берген. 

Ардақ Қаппасұлы, Қарағанды қаласы «Мұрагер» мектебі директорының орынбасары:

- Біздің балалар жыл бойы дайындалды. Тоқтамай дайындық үздіксіз. Соның нәтижесінде Орталық Азияда абсолютті чемпион атанды. Сол себепті осы оқушыларымыз АҚШ-тағы Техас штаты сол жерден бірінші орынды иеленді.