Ақтөбеде батырлар аллеясына ағаш егілді

Ақтөбедегі Батырлар аллеясына ағаш егілді. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында өңірде елдімекендерді көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл жолы екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 46 ақтөбелік батырдың ескерткіші тұрған көшенің бойында өтті. Жергілікті тәлімбақта өскен мойыл көшеттері тез жерсінуі тиіс-дейді мамандар. Жалпы 3 саябақта  бір күнде 90 ағаш егілді.

Сағындық Тілеуімбетов, Қалалық ТҮКШ Жолаушылар тасымалы және автомобль жолдары бөлімінің инспекторы:

- Алма ағашы, «можжевельник», «черемуха» деген талдар егіліп жатыр. Бұған дейін Есет батыр аумағында 2 мың тал егілген болатын. Көктем басталғалы 5 сенбіліктің арасында 4 мың ағаш отырғызылды.