Ардагерге құрмет көрсетілді
Жеңістің әр таңы – майдангерлердің ерлігімен келген бейбіт күн.
Осы орайда Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 102 жастағы ардагер Рзағұл Байкешевке арнайы барып, құрмет көрсетті. Ведомство басшысы майдангерге сый-сияпат табыстап, ел үшін от кешкен батырларға алғысын білдірді. Рзағұл Байкешев 1923 жылы Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында дүниеге келген. Соғыс жылдары Калинин облысында, Рыжов және Великий Луг қалаларында шайқасып, ефрейтор шенінде Польша, Румыния және Венгрияны азат ету жолындағы ұрыстарға қатысқан.