Астанадан ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған мерекелік пойыздар жолға шықты

Бүгін елордадағы теміржол вокзалынан ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған мерекелік пойыздар жолға шықты.  

Елдің бірнеше қаласына баратын пойыздардың вагондарында қазақ халқының батыр перзенттерінің портреттері салынған. Мерекелік пойыздармен сапарға шыққан жолаушылар ерекше безендірілген вагондарға қызығушылық танытып, естелік суретке түсіп жатты.

Руслан Жалғасбай, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының директоры:

- Ұлттық тасымалдаушы мемлекеттік және ұлттық мерекелер қарсаңында осындай мазмұнды жобаларды дәстүрлі түрде жүзеге асырып келеді. Бұл игі бастама тарихи сананы жаңғыртып қана қоймай, жолаушыларға жол үстінде ерекше әсер сыйлайды. Тақырыптық безендірілген пойыздар мамыр айының соңына дейін қатынайды.