АҚШ-та ұшақ апатынан 9 адам опат болды
АҚШ-тың Флорида штатында шағын ұшақ апатқа ұшырап, борттағы тоғыз адам опат болды. Багам аралдарына бағыт алған әуе техникасы тұрғын үйлер орналасқан аумаққа құлаған.
Палм-Бич қаласының маңындағы Крестхейвен ауданында болған бұл оқиғадан кейін аумақта өрт шығып, үлкен шұңқыр пайда болды. Тиісті органдар апаттың мән-жайын анықтап жатыр.