Астанада робототехникадан халықаралық чемпионат басталды

Бесінші рет ұйымдастырылып жатқан байрақты бәсеке биыл «TurkTime!» бастамасы аясында өтіп жатыр. 

Тарихы тамырлас, ағайыны бауырлас елдерден 200-ден аса команда тіркелді. Олдардың 50-ге жуығы шетелден келген. Жастар 9 санат бойынша бақ сынасады. Роботтардың жылдамдығы, дәлдігі және тапсырманы мүлтіксіз орындауы сыналады. Айта кетейік, отандық командалардың 30 пайызы ауылдық жерден келді. Дода екі күнге жалғасады. Чемпионат жүлдегерлері жоғары оқу орындарының білім гранттарына ие болады. 

Санжар Шалқарбеков, «Robotek» компаниясының бас директоры:

- Бүкіл роботтарды құрастыратын балалар оның бағдарламасын және инженерлік құрылысын өздері ойлап табады. Сондықтан бұл балалардың негізгі математика, физика, техникалық әртүрлі пәннен дамыту жағынан зор әсерін білдіреді.