Астаналықтарға Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб ескерту жасады
13 қарашада сағат 9.00 мен 18.00 аралығында «Қазақ Ұлттық спорт Университеті» ЖШС жағдайында (шоссе Қарқаралы, 15) терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізу көзделген, деп хабарлайды «24KZ».
Астаналық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, шараның мақсаты — құқық қорғау органдары және арнайы қызмет күш-құралдарының терроризм қауіптеріне қарсы жедел әрекет ету дайындық деңгейін тексеру.
Оқу-жаттығу аясында «Қазақ Ұлттық Спорт Университеті» ЖШС аумағында белгілі деңгейде тыйымдар мен жаяу жүру және көлік қозғалыстарына уақытша шектеулер енгізу қарастырылған.
Осыған орай, азаматтарды өтіп жатқан шараға түсінікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпараттардың таралуына жол бермеуге шақырамыз, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.